Главная Новости «Мен таңдаған мамандық - жаңа технологиялар саласындағы нағыз элита екендігіне сенімдімін»
11 Октябрь 2024                  320
«Мен таңдаған мамандық - жаңа технологиялар саласындағы нағыз элита екендігіне сенімдімін»

«Мен таңдаған мамандық - жаңа технологиялар саласындағы нағыз элита екендігіне сенімдімін»: MЕTU студенті мамандық және оқу орнын таңдаудағы шешіміне қуанатындығы жайлы айтты. 

Сайлаубаев Даулет Қайратбайұлы

 - Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші курс студенті.

Даулет сабақтан бос уақытында «Degirmen» компаниясында IT маманы болып жұмыс жасайды.

«Бүгінгі оқытушылардың берген білімі, ертеңгі жұмыс барсында қажет болады. Сондықтан, әрдайым ізденісте болыңыздар!» - деп, Дәулет бірінші курс студенттеріне белсенді оқуға және мұнымен ғана тоқтап қалмауға кеңес берді.

Даулет өзінің таңдауына қатты қуанатындығын жеткізді. Университетте берілген білімнің жұмыс барысында көмегі тиіп жатқандығын да атап өтті.