Главная Новости МИТУ дағы оқу сабақтарына өзара қатысу
11 Қазан 2024                  109
МИТУ дағы оқу сабақтарына өзара қатысу

Профессор-оқытушылар құрамының білімі мен іскерліктерін тексеру –  Халықаралық инженерлік-технологиялық университет бойынша білім беру сапасы жүйесіне қойылатын талаптардың басты тетіктерінің бірі. Ішкі сапаны басқару үшін университет әкімшілігі мен кафедра оқытушылары тұрақты негізде сабақтарға қатысады.

Білім беру бағдарламаларының іске асырылуы, қолданылатын оқыту тәсілдері, сабақты өткізу сапасын тексеру, педагогтердің қызметі мен кәсіби дамуын бағалау, заманауи білім беру технологияларымен танысу және оларды оқу процесіне енгізу сабаққа өзара қатысудың негізгі мақсаты болып табылады.

Оқу сабақтарын педагогикалық талдау арқылы оқу процесін дамыту мен жүзеге асырудың маңызды және өзекті міндеттерін анықтауға болады.

Оқу сабақтарына өзара қатысуды талдау және бағалау МИТУ оқытушыларының оқытудың жаңа нысандарына көшу және оқу процесін ұйымдастыру жағдайында белсенді технологиялар мен әдістерді қолдану, педагогикалық тәжірибелерін көрсету және тарату, педагогикалық шеберлігін арттыру, оқу-әдістемелік, оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.