ТӨТжТ кафедрасында 2022 жылғы 13 желтоқсанда халықаралық деңгейдегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тағам өндірісінің технологиясы және инжинирингі» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған вебинар өтті. Вебинардың спикері ретінде Н. И. Вавилов атындағы Генетика, биотехнология және инженерия Саратов мемлекеттік университетінің техника ғылымдарының докторы Мадина Карипулловна Садыгова сөз сөйледі.
Вебинар барысында болашақ жас технологтар өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы саласындағы тәжірибелі ғалыммен сөйлесіп, ұн түрлерімен және ұн өнімдерін өндіру технологиясымен танысты. Вебинар жоғары деңгейде өтті.