Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы
08 Қазан 2024                  75
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2024 жылдың 2 қыркүйегінде ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауын жариялады.  Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің 6В07501 -  Стандартттау және сертификаттау, 6В07103 -  Технологиялық жабдықтар мен машиналар, 6В07203 - Тағам өнідірісінің технологиясы және инжинирингі, 6В08103 Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану -  білім беру бағадарламаларының   1,2,3,4 курс студенттерімен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау бойынша эдвайзерлік сағаттар өтілді.  Эдвайзерлер  Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын атап өтті. Президенттің Жолдауында оның нақты құрылымдалуы мен нақтылығы еліміздің одан әрі қозғалысының проблемалық аймақтары мен стратегиялық бағыттарын қамтудың ауқымдылығы мен кешенділігімен ұштастырылған. Сонымен бірге маңызды мәселелердің бірі – білім беру жүйесі екенін де атап өтті. Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түсетінін, сол себепті мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайызға дейінгі аралықта болатынын атап өтті. Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі. Бұл шаралар жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы әріптестік және өзара жауапкершілік қағидатын нығайта түсетіні айтылды. Эдвайзерлік сағатқа қатысушылар Жолдаудың маңызды тұстарын белсенді талқылады. Сондай-ақ, ҚР Президенті Жолдауының міндеттерін сапалы іске асырудың түрлі аспектілері бойынша белсенді пікір алмасу өтті.