Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Санжар Асфендиаровтың (1889-1938) туғанына 135 жыл толуына арналған дөңгелек үстел
18 Қазан 2024                  218
Санжар Асфендиаровтың (1889-1938) туғанына 135 жыл толуына арналған дөңгелек үстел
2024 жылдың 18 қазан күні «Әлеуметтік гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының оқытушылары тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Шаймуханова С.Д., лектор Нуртазаева А.Б. және ПИ-23-1р, ТиПП-23к топ студенттері Санжар Асфендиаровтың (1889-1938) туғанына 135 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өткізді. Студенттер Санжардың Асфендиаровтың өмірі мен ғылыми қызметі, отбасы туралы презентациялар көрсетті. Ол Қазақстан Ғылым академиясының қазақстандық базасының іргетасын қалаған алғашқы жетекшілер мен ұйымдастырушылардың бірі болды. Санжар Асфендияров қазақ халқы ғалымдардың, мамандардың, білімді адамдардың тапшылығын бастан өткерген тарихи заманның рухына сай медициналық, ғылыми-педагогикалық, саяси-ұйымдастырушылық қызметке барын салып, ауқымды ғылыми жұмыстар атқарды.

Оның еңбектерінің ішінде 1935 жылғы «Қазақстанның өткені деректер мен материалдарда» еңбегін ерекше атап өтуге болады.  Бұл бірегей деректер жинағының жарыққа шығуы республиканың ғылыми өмірінде елеулі орын алған оқиға болды.

1937 жылы 22 тамызда «халық жауы» ретінде репрессияға ұшырады.  КСРО Жоғарғы Сотының 1958 жылғы 26 мамырдағы қаулысымен С.Д. Асфендияров ақталды.

  «Ұлттық мәдениетіміздің жинақтарындағы мақал-мәтелдер сияқты ауыз әдебиетінің құнды қазыналары жыл санап жоғалып, із-түзсіз жоғалып барады. Болашақ ұрпаққа мол тарихи мұра қалдыру – біздің парызымыз», – деді Санжар Асфендияров.