2024 жылғы 21 қыркүйекте Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы мен Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті колективімен кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында МИТУ ректоры Г.Сарсенбекова 17-18 қазанда Астана қаласында өткен «CONNECTED 2024» халықаралық конференциясында қозғалған өзекті мәселелер мен университеттің қазіргі жай-күйімен таныстырып баяндама жасады.
Іс-шара басырысында Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Бақытжан Тұрсынұлы жиынға қатысушыларды Республика күні мерекесімен құттықтап, ғылымның, білімнің және инженерлік істің дамуына қосқан үздік жетістіктері мен үлесі үшін «Қазақстан Республикасының инженерлік ісін дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен Ұлттық инженерлік академиясының 21.06.2024 ж. №167 Төралқа қаулысымен төмендегі оқытушыларды марапаттады:
1. Абуова Алтынай Бурхатқызы - «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының зерттеуші-профессоры, ауыл-шаруашылығы ғылымдарының докторы;
2. Ділдебаева Жұлдыз Тұрсынқызы - «Экономика және бизнес» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
3. Солодова Елена Владимировна - «Биохимиялық инженерия» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.