Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры МИТУ студенттерінің Қазақстандағы көптілділік туралы пікірі
24 қазан 2024                  464
МИТУ студенттерінің Қазақстандағы көптілділік туралы пікірі

Бүгін, 2024 жылдың 24 қазанында Алматы қаласындағы МИТУ-де «Көптілділік – қазіргі Қазақстанның даму үрдісі ретінде» тақырыбында тәжірибеге бағытталған Дебат өтті. Іс-шараға ПИ-24-1.3 тобының 1 курс студенттері мен «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының практикалық оқытушылары, қауымдастырылған профессоры Тукебаева Жаңыл Әубәкірқызы және тарих ғылымдарының магистрі Нұртазаева Алима Берікқарақызы қатысып, көптілділіктің қалыптасу және қалыптасу үдерісіндегі мәселелерін талқылады.

МИТУ студенттері бір сағат ішінде тарих, қазақ, орыс және ағылшын, чех тілдері бойынша білімдерін ұштап, Қазақстан, Ресей, Англия, Чехия елдерінің дәстүрлері мен мәдени ерекшеліктерімен көпшілікті таныстырды.

МИТУ студенті Тұрсынхан Ерасыл: «Оқу орнында көптілділікті дамыту мәселелерін шешу үшін жеке тұлғаның бойына азаматтық құндылықтардың маңыздылығын сіңіру, азаматтық ұстанымды белсендіру, рухани құндылықтарды сақтау қажет, сондай-ақ адамгершілік дәстүрлеріне тоқталды, ал Амангелді Әмина Прагада оқып жүргенде чех тілін үйрену тәжірибесімен бөлісіп, өз көзқарасын білдіріп, көптілді білім берудің өзектілігі бүгінгі таңда мәдениет, экономика және саясаттағы интеграцияның жаһандық тенденциясымен анықталатынын айтты. Дебаттың модераторы Жұматаев Ғафур болды. Дебат соңында қатысушылар тіларалық омонимдер немесе орыс және қазақ тілдерінде дыбысталуы бірдей, бірақ мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы жұмбақ-ойын жүргізді. Арасында студенттерге аудармасы оңайға соқпаған сөз тіркестер болды. Сонымен қатар осы іс-шара кезінде Ерболұлы А., Қайырбек Н., Абдукаримов Б., Өмірбек Н., Сәрсенбай А., Әскербек А., Мамырбаев А., Қасымов Б. қызықты ойларымен бөлісті.

Іс-шараның форматы тілдердің елімізге қызмет ету мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді және көптілділіктің және жеке тұлғалық қасиеттердің дамуын қамтамасыз ететін қолайлы ортаны қамтамасыз етіп қана қоймай, жеке тұлғаның одан әрі жүзеге асуына үлкен мүмкіндік береді деген пікірлерін білдірді. Студенттерт таңдаған мамандығы бойынша құзыреттердің қазіргі қазақстандық және әлемдік білім беру кеңістігінің даму үдерістерімен сабақтастықта білім беру тәжірибесінің мәселелерін тың белестерге көтеріп, басқа қырынан талқылауға мүмкіндік берді.

Пікірталасқа қатысушылар осындай іс-шара өтуіне дән-риза болып, Қазақстанда ғана емес, шетелде де білім берудің өзекті мәселелері бойынша жемісті пікір алмасуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін ерекше атап өтті.