«Таза Қазақстан»
республикалық акциясы аясында «Алатау» саябағында 19.10.2024 жылы қалалық
сенбілік іс шарасы өтті. МИТУ университетінің белсенді студенттері акцияға
белсене қатысып, саябақтың аумағын тазалауға, қоқыстарды жинауға және ағаштар
отырғызуға көмектесті.Студенттер табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру
мақсатында халықпен бірігіп, экологиялық білім беру жұмыстарын жүргізді. Шара
барысында түрлі экологиялық ойындар мен семинарлар ұйымдастырылып, жастарды
экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырды.Бұл сенбілік тек табиғатты
тазарту ғана емес, сонымен қатар, қоғамда экологиялық мәдениетті насихаттау,
жастардың белсенділігін арттыру үшін де маңызды болды. Осындай акциялар арқылы
жастардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік, жауапкершілік сезімдері қалыптасады.