Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры 25 қазан – Республика күні
23 қазан 2024                  434
25 қазан – Республика күні

23 қазан күні  Республика күніне орай МИТУ-да Қазақстан Республикасы  Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Арал ауданының құрметті азаматы», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлымен кездесу кеші өтті. Әңгіме барысында Берекет Бақытжанұлы 2022 жылы күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайтарылған Республика күні биыл үшінші мәрте елімізде кең көлемде аталып жатқанын сөзге тиек ете отырып, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның маңызы мен мәні, ұлттық мерекенің ел өміріндегі орны жайында баяндады. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің отырысында Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның жобасы әрбір бап бойынша талқыланып, әр бап жекелей дауыс беру арқылы шешілгендігі туралы және сол жердегі ұлтжанды қазақ зиялыларының ұмытылмас еңбектері жәйлы айта отырып, көпшілік дауыспен декларация қабылданғанын сөз етті. Кездесу барысында студенттер тарихымызға терең бойлап, қызу пікір талас орнатты. Республика күніне орай өткізілген ісшара студенттерді болашаққа деген сенімге, ерлікке, отансүйгіштікке баулып, жалынды рух сыйлағаны анық.