Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру" тақырыбында қонақ дәрісі
30 қазан 2024                  1785
"Қазақстан Республикасындағы сақтандыру" тақырыбында қонақ дәрісі

2024 жылдың қазан айында сағат 14.00-де мәжіліс залында "Halyk life" компаниясының директоры М.Ш. Юсуповтың "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру" тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Ұйымдастырушы: Бижанова Б. М., э.ғ. к., қауымдастырылған профессор

Дәріс 3 бөлімнен тұрды:

1.      Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру

2.      Зейнетақы аннуитеті

Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес

3.      "Zoloto Nomadov Invest"Бағдарламасы

"Қаржы", "Туризм", "Есеп және аудит", "Өмір қауіпсіздігі", "Биохимиялық инженерия", Тамақ өндірісінің техникасы мен технологиясы" ББ 1 және 2 курс студенттері, сондай-ақ кафедраның ПОҚ қатысты.

Студенттер алғашқы екі бөлімге үлкен қызығушылық танытты және қызметкерді жазатайым оқиғалардан тікелей сақтандыруға және жұмыс берушілердің сақтандырудың осы түріне қатынасына қатысты көптеген практикалық сұрақтар қойды. Сондай-ақ оларды БЖЗҚ-дан сақтандыру компанияларына ауыстырған жағдайда зейнетақы аударымдары мәселелері қызықтырды.

Өз ісінің кәсіби маманы М. Ш. Юсуповпен кездесу белсенді диалогта өтті және өмірдің маңызды саласын қозғады.