«Инженериядегі Смарт технологиялар»
кафедрасының студенттері жайлылықты, қауіпсіздікті және тұрғын үйдің энергия
тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи технологияларды үйреніп, ақылды үй
жобасын сәтті меңгеріп, моделдеді.
Бұл студенттерге сымсыз технологиялар мен IoT саласындағы білімдерін тәжірибеде
қолдануға мүмкіндік беріп, үйдің әртүрлі жүйелерін автоматты түрде басқару
сценарийлерін жасауға көмектесті.
Практикалық
сабақтарда студенттер жарықты, температураны және қауіпсіздікті басқаратын
функционалды модульдерді моделдеді. Оқу мақсатында жасалған ақылды үй жүйесі
климаттық жағдайларды автоматты түрде реттеп, тәулік уақытына байланысты
жарықты басқарып, қауіпсіздік көрсеткіштерін бақылайды және
"тұрғындардың" әрекеттеріне нақты уақыт режимінде жауап береді.
Жоба студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Олар бұл жұмысты кәсіби қызметке қажетті өзекті біліммен қамтамасыз еткенін атап өтті.