Главная Новости Мамандық бойынша жұмысқа тұру - әрбір маманның мансабындағы маңызды қадам.
04 Қараша 2024                  6475
Мамандық бойынша жұмысқа тұру - әрбір маманның мансабындағы маңызды қадам.

Мамандық бойынша жұмысқа тұру - әрбір маманның мансабындағы маңызды қадам.

Нұрлы Балауса Нұрлықызы

- Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенті.

Бос уақытында Нұрлы «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтындағы «Молекулярлық-генетикалық зерттеу орталығында» лаборант қызметін атқарады.

Зертханада генетиктің көмекшісі болып жұмыс істейді. Оның қызметі әртүрлі зерттеу әдістерін жүргізу, ғылыми жұмыстарды орындау және пациенттерге сапалы және жылдам көмек көрсетуді қамтиды.


«Микробиология және вирусалогия», «Биотехнологиядағы молекулалық зерттеу әдістері» пәндері мені шыңдай түседі.

Осы пәндерден білім беретін оқытушыларым Назым Қыдырхановна мен Гульзахира Сапаровнаға алғысым шексіз!

Биотехнология білім беру бағдарламасында оқып жүрген студенттерге айтар кеңесім: «Еңбектеніңіздер, өз салаңыз бойынша әрдайм ізденісте болыңыздар. Әрине, ағылшын тілін де жетік меңгерген дұрыс» - деп атап өтті  Нұрлы. 

https://www.instagram.com/reel/DB8sL97MDEs/?igsh=MWMweGU5YmpmOTF3OA==