2024 жылдың 4-қарашасы жатақханада
1-курс студенттері арасында
"Тұлғаны таны" атты танымдық ойын өткізілді. Бұл шараның мақсаты –
жастардың қазақ және әлем тарихындағы маңызды тұлғалар туралы білімін кеңейту,
есте сақтау қабілетін дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру, тарихи
білімдерін нығайту болды. Іс-шараны «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем
тілдері» кафедрасының оқытушысы
– гуманитарлық
ғылымдардың
магистрі Ахметжанов Дастан Ғалымжанұлы ұйымдастырды.
Ойын
барысында қатысушылар белгілі
тарихи тұлғалардың суреттері көрсетіліп, олардың есімін анықтап, оның өмірбаяны мен тарихи
маңыздылығы жайлы мәлімет беруге тырысты. Студенттер белсенді қатысып, тұлғалардың
өміріне байланысты қызықты деректермен бөлісіп, тарихи білімдерін тереңдетті.
Іс-шара
соңында қатысушылар өздерінің тарихи тұлғалар туралы білімдерін нығайтып,
тарихи оқиғаларға қызығушылық танытқанын атап өтті. Бұл шара студенттердің
тарихи тұлғалар туралы білімін жаңартуға, тарихи оқиғаларға деген қызығушылығын
оятуға ықпал етті.