Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «Мотивацияны дамыту» бойынша тренинг
06 Қараша 2024                  230
«Мотивацияны дамыту» бойынша тренинг

2024 жылдың 6-қарашасы күні жатақханада 1-курс студенттері арасында "Мотивацияны дамыту" атты психолоиялық тренинг өткізілді. Бұл шараның мақсаты – тренингке қатысушылар арасында жетістікке жету мотивациясының тұрақты өсуіне және сәтсіздікке жол бермеу үшін мотивация деңгейінің төмендеуіне қол жеткізу.

 Іс-шараны «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырған профессоры психология ғылымдарының кандидаты Сейітнұр Жарас Сейітнұрұлы ұйымдастырды.

Тренинг барысында қатысушыларда белсенділік мақсаттарын өз бетінше қоюда күшті тілектер мен дағдылардың болуы және алға қойған мақсатқа жетуге деген табанды ұмтылыстады дамыту орын алды. Олар адам өмірінде нақты мақсат қоюдың маңыздылығын түсінді. Студенттер тренингке белсенді қатысып, жетістікке жету мотивациясына байланысты өз ойларымен бөлісіп, психологиялық білімдерін тереңдетті.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерінің тұлға мотивациясы туралы психологиялық білімдерін нығайтып, бұл тақырыпқа қатысты қызығушылық танытқанын атап өтті. Бұл тренинг студенттердің жетістікке жету мотивациясы туралы білімін жаңартуға, психологияға деген қызығушылығын оятуға ықпал етті.