08.11.2024 жылы Жастар саясаты департаментінің директоры Оспанова А.Т. университетіміздің белсенді студенттерімен кездесу ұйымдастырып, 1 курс студенттерін салтанатты түрде қабылдау кешін өткізу туралы жиналыс өткізді. Оспанова А.Т. студенттерді кештің жоғары деңгейде өтуі үшін ұйымдастыру жұмыстарын жандандыру қажеттігін атап өтті. Жиналыс барысында студенттерге іс-шараны ұйымдастыруға атсалысуға шақырылып, әртүрлі міндеттер бөлініп берілді. Сонымен қатар, студенттер өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, аталған кештің жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосатынын жеткізді. Кештің өтетін орны мен уақыты нақты белгіленіп, дайындық жұмыстарының соңғы кезеңдері талқыланды. Оспанова А.Т. студенттермен тығыз байланыс орнатып, алдағы іс-шараның сәтті өтуін қамтамасыз ету үшін барлық тараптың ынтымақтастығын күшейту керектігін айтты.