Главная Студентам Студенческие новости Университетіміздің Волонтер ұйымы қала тұрғындарымен сұхбат өткізді.
08 қараша 2024                  3318
Университетіміздің Волонтер ұйымы қала тұрғындарымен сұхбат өткізді.

Университетіміздің Волонтер ұйымы қала тұрғындарымен сұхбат өткізіп, волонтерлық қызмет туралы және осы салада қандай өзгерістер қажет екендігі жайында пікір алмасты. Волонтерлер сұхбат барысында тұрғындардан волонтерлықтың маңызы, оның қоғамға әсері және даму бағыттары туралы ойларын тыңдады. Сонымен қатар, тұрғындарға ыстық бауырсақтар ұсынып, оларға жақсы көңіл күй сыйлады.

Бұл іс-шараның мақсаты — волонтерлық қозғалыстың қоғамдағы рөлін арттыру және халықтың осы бағыттағы көзқарасын кеңейту болатын. Волонтерлер тұрғындарға тек игі істерді насихаттап қана қоймай, өздеріне деген сенімділік пен жақсы көңіл күй сыйлап, сұхбатқа қатысушыларды жақсы қарым-қатынас пен мейірімділік атмосферасына бөледі. 

Сонымен қатар, сұхбат барысында тұрғындар өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, волонтерлық қызметті дамыту үшін бірқатар өзгерістер мен қосымша шаралар ұсынды. Бұл идеялар болашақта волонтерлық қызметті одан әрі жақсартуға және қоғамда белсенді қатысуды ынталандыруға көмектеседі.