Студенттердің
ғылыми-зерттеу жұмысы — мамандарды даярлау сапасын арттырудың маңызды
шарттарының бірі, сондай-ақ оқу-зерттеу парадигмасының жүзеге асырылуының
негізі болып табылады.
Академиялық
жазу клубында (ғылыми жетекші Цыренжапова Г.Г.) студенттер өз мамандықтарына
қатысты Қазақстан мен Ресейдің ғылыми басылымдарында жарияланған ғылыми
мақалалармен танысады. Ғылыми мәтіннің құрылымдық-семантикалық бөлінісі, оған
әртүрлі жоспар түрлерін құру, тезис пен оның дәлелдеу әдістерін анықтау
автордың ғылыми ой-тұжырымының логикасын түсініп, бақылауға мүмкіндік береді.
Осындай
жұмыстың алғашқы тәжірибесі студенттердің болашақта маңызды ақпаратты таба
білуге, өз саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарына бағдарлануға,
сондай-ақ академиялық сауатты жазу қағидаларын меңгеруге үйренетініне сенім
ұялатады.