Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Мәдени демалыс
12 қараша 2024                  4333
Мәдени демалыс

12 қазан 2024 жылы «Экономика және бизнес» кафедрасының аға эдвайзері Кунтубаева Айман Даутбековнаның бастауымен кафедра эдвайзерлері 1,2 курс студенттерімен «Мәдени демалысқа» Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрына барып қайтты. Театрда Ч.Айтматовтың «Қызыл орамалды Шынарым» қойылымы өтті.

Қойылым өте әсерлі, студенттерге берер тәрбиелік мәні өте жоғары болды. Әсіресе басқа қаладан келген 1 курс студенттеріне Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театры өте қатты ұнап, қойылымнан керемет әсер алды. Мұндай мәдени іс-шаралар студенттердің  мәдени білімін дамытып қана қоймай, адамгершілік құндылықтарын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуге көмектеседі, сонымен қатар, студенттердің қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, әлеуметтенуге және достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.

Мәдени орындарға барудың ең бірінші пайдасы театрға келу арқылы адам өзгеге қарай отырып өзін таниды. Өзін табады. Өзіне есеп беруге қадам жасайды. «Мен кіммін?» – деген сұраққа жауап таба бастайды. Бірден емес әрине, біртіндеп. Театрға екі-үш рет келген адам өзінің ішкі жан-дүниесі нені қалайтынын, не керек екенін сезіне бастайды. Адамның мәдени таным-түсінігі, ой-өрісі кеңейеді.

Екінші пайдасы – театр студенттердің  жақсы жағына өзгеруіне мол мүмкіндік беретіндігі. Театр – өнер ошағы, ол көрермендерге әрдайым дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, жол сілтеп отырады. Сол үшін де бұнда талғамы биік, кәсіби мамандар көркем ой біріктіріп жұмыс жасайды. Бүгінгі заман талабы қатал, ол әр адамды жаңа өмірге бейімделіп өзгеруге шақырып отыр. Сананы тұрмыс билеген бүгінгідей уақытта, студенттер тетефонға телміріп үйде қамалып қалғаны белгілі.

«Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушылары студенттерге   жан-жақты білім алып, өмірдің барлық саласында дамуы үшін осындай шараларды жалғастыра бермек.