Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры Студенттер электрониканың негіздерін меңгеруде: дәнекерлеуден өз жобаларына дейін
12 қараша 2024                  1911
Студенттер электрониканың негіздерін меңгеруде: дәнекерлеуден өз жобаларына дейін

"Инженериядағы Смарт технологиялар" кафедрасының студенттері электронды схемалар мен компоненттер әлеміне еніп, электроника саласындағы дағдыларды белсенді түрде меңгеруде. 304 аудиторияда олар негізгі құралдарды қолдануды үйреніп, әртүрлі электронды платалармен жұмыс жасайды. Мұндай практикалық тәсіл оларға электрондық схемалардың жұмыс принциптерін сенімді меңгеруге, компоненттерді дәнекерлеудің ерекшеліктерін түсінуге және мультиметрлер арқылы схемалардың параметрлерін тексеруге мүмкіндік береді.

Практикалық сабақтар барысында студенттер өз жобаларын жасап, сынақтан өткізеді, бұл олардың дағдыларын дамытып қана қоймай, идеяларын нақты шешімдерге айналдыруға мүмкіндік береді. Оқытушылардың жетекшілігімен студенттер қарапайым құрылғыларды жинауды, оларды баптауды және қосылыстардың сенімділігін қамтамасыз етуді үйренеді.

         Кафедра болашақта сұранысқа ие болатын білімді студенттерге беруді мақсат етеді және оларды электроника мен «ақылды» технологиялар саласында инновациялық шешімдер жасауға ынталандырады.