Қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Ахметжанова Ажар Токсановна Мәскеу қаласынан МИТУ кітапханасына Мемлекеттік қоғамдық тарихи кітапханасының сыйға берген кітаптарын аманаттады. Бұл кітаптар ғылым мен білім саласына қосылған зор үлес болып табылады. Мұндай сыйлықтар білім мекемелерінің ресурстарын арттыруға септігін тигізеді. Әсіресе, студенттер мен зерттеушілер үшін үлкен мәнге ие, себебі жаңа кітаптар мен әдебиет ғылыми ізденістерді тереңдетуге және қазіргі заманғы ғылыми тенденциялармен танысуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге Мәскеу қаласы Мемлекеттік қоғамдық тарихи кітапханасына МИТУ атынан алғысымызды білдіреміз.