«Экономика және бизнес» кафедрасының студенттері Түркия мемлекетінде
«Халықаралық өндірістік тәжірибеден» өтіп келді.
Студенттеріміз Түркияда: Анталья, Бодрум, Стамбул т.б. қалаларда
«Халықаралық өндірістік тәжірибеден» өтті. Елімізге оралған студенттер
университетімізге келіп, сабақтарын жалғастыруда.
Студенттерге халықаралық өндірістік тәжірибе өте ұнады. Олар тәжірибеден
өткен қалалары, жұмыстары, қандай көрікті жерлерді тамашалағаны туралы өз
әсерлерімен бөлісті.
Студенттер тәжірибелік сабақтардың жақсы жақтары, сонымен қатар кемшіліктерімен
де бөлісті. Сондай-ақ олар көптеген пайдалы және қызықты нәрселерді қалай
үйренгендерін, бос уақыттарын қалай мәнді және қызықты өткізгендерін айтты