МИТУ Ғылыми кітапханасында филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Жоғары Мектеп Ғылым академиясының академигі Жұмағұлова Валентина Ивановнаның 70 жылдық мерейтойына арналған «Быть педагогом и ученым – искусство отдавать» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: профессордың Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесін дәріптеу; жастарға ғалым-ұстаздың еңбек жолын үлгі ету. Жұмағұлова Валентина Ивановна – танымал тіл маманы, Қазақстандағы БАҚ тілін зерттеуші, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор. Журналистік шеберлік мәселелеріне арналған теориялық жұмыстар топтамасы үшін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысына ие. 2010 жылы Жұмағұлова Валентина Ивановнаға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Оның ғылыми еңбектері мен зерттеулері елімізден тысқары жерлерде де белгілі.