2024
жылғы 21 қарашада Алматыда бірегей оқиға өтті – әлемдік Сертификатталған бухгалтерлердің
халықаралық қауымдастығына (АССА) ресми түрде қосылу салтанаты. Бұл шара қаржы
саласының жетекші мамандары мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген білім беру
серіктестерін біріктірді.
Qazyna
Grand Ballroom-ның сәнді залында өткен бұл шара халықаралық байланыстарды
нығайтуда, инновацияларды ілгерілетуде және кәсіби дамуды жетілдіруде маңызды
кезеңге айналды.
Кештің
басты сәттері:
Куш Ахуджа, Еуразия мен
Таяу Шығыс бөлімінің басшысы, бухгалтерлік есептің болашағын қалыптастыратын
негізгі үрдістер мен технологиялар туралы баяндады.
Гаухар Аширбекова, АССА-ның
Еуразиядағы PR-менеджері, тұрақты дамудың маңыздылығы мен қаржы саласындағы
мамандардың жауапты бизнесті ілгерілетудегі рөлі туралы ой бөлісті.
Университетіміз
үшін ерекше мақтаныш!
Біз Жанна Искеноваға,
АССА-ның Орталық Азия, Армения және Моңғолиядағы өкілдігінің басшысына, бізді
бұл шараға шақырып, білім беру саласына қосқан үлесімізді мойындағаны үшін шын
жүректен алғыс айтамыз. Халықаралық инженерлік-технологиялық университет
АССА-ның болашақ мамандарды даярлаудағы сенімді серіктесі ретінде марапатқа ие
болды!
Осы айтулы шараға қатысу бізге академиялық және кәсіби дамуда жаңа мүмкіндіктер мен көкжиектер ашады. Біз АССА-мен ынтымақтастығымыз көптеген табысты бастамалардың негізі болатынына сенімдіміз.