Университетіміздің Студенттік кеңес ұйымы 2024 жылдың 22 қарашасында Медеу мұз айдынына көңіл көтеру мақсатында сапар жасады. Бұл іс-шара студенттерді табиғат аясында демалуға, көңілді уақыт өткізуге және бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беру үшін ұйымдастырылды. Студенттер мұз айдынында еркін сырғанаудан ләззат алып, қысқы ауа райының рахатын сезінді.Мұз айдынында өткізген уақыттары ерекше көңіл-күй мен естеліктерге толы болды. Бұл іс-шара студенттердің әлеуметтік қарым-қатынасын нығайтуға, командалық рухты дамытуға және университеттің студенттік өмірін әртараптандыруға бағытталды.Сапар соңында студенттер қуанышты көңіл күймен университетке оралып, осындай көңілді шаралардың болашақта жиі өткізілуін тіледі.