Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МИТУ-да "Қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік: Қазақстан Республикасындағы трендтер, мәселелер және даму перспективалары" тақырыбында факультетаралық дөңгел
21 қараша 2024                  1790
МИТУ-да "Қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік: Қазақстан Республикасындағы трендтер, мәселелер және даму перспективалары" тақырыбында факультетаралық дөңгел

2024 жылғы 21 қарашада МИТУ-да университеттің 1-3 курс студенттері үшін "Қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік: Қазақстан Республикасындағы трендтер, мәселелер және даму перспективалары" тақырыбында факультетаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында студенттер кәсіпкерлік саласындағы әртүрлі тақырыптар бойынша өз жобаларын таныстырып, өзекті мәселелерді қозғап, Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму перспективалары мен мәселелерін талқылады.

Іс-шараның басты назарын "365 күн МИТУ" стартапының таныстырылымы аударды, ол э.ғ.к. Р.М. Емраевтың жетекшілігімен және қазақ бөлімінің 3 курс қаржы мамандығының студенттерімен бірлесіп жүзеге асырылды. Бұл стартап-жоба "Экономика және бизнес" кафедрасындағы алғашқы жоба болып табылады. Студенттер логотип жасап, смузи дәмін тату ұйымдастырды.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар оқитын топтардың 1 курс эдвайзерлері Ш.К. Нұрбекова, А.Д. Күнтубаева және А.М. Досқаранова жұмыстары атап өтілді.

Жиын соңында жеңімпаздарға алғыс хаттар табысталып, қорытындылар шығарылды.

Іс-шара профессор Бижанова Бақыткүл Мамырбайқызының жетекшілігімен ұйымдастырылды.