2024 жылдың 27
қарашасында МИТУ-да «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының
ұйымдастыруымен «Бірлігіміз –
әралуандықта: тарих, мәдениет, инженерлік технологиялар» атты Халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция офлайн және онлайн форматында
өткізілді.
Конференцияға Қазақстан, Түркия,
Өзбекстан, Ресей, Ауғанстан елдерінің жетекші университеттері мен ғылыми
орталықтарының белгілі ғалымдары, еліміздің докторанттары, магистранттары,
студенттері, мектеп оқушылары қатысты.
Ғалымдар арасында ұлттық тарихтың
өзекті мәселелері, инженерлік білім беруді интернационалдандырудағы заманауи
міндеттерді шешу үшін ғылыми зерттеулер жүргізудегі өркениеттік көзқарас, жайлы
тілдік орта мен экологиялық мәдениетті, білім әрі адал еңбек культін құруда
тиімді нәтиже алу үшін әлемдік тәжірибені қолдану мәселелері бойынша сындарлы
диалог өтті.