25 қараша 2024 ж.Тарихи танымдық кеш
аясында «Алаш арыстары және ұлттық мүдде» атты кездесу кеші болып өтті. Кеш
қонағы Қазақстан педагогикалық ғылымдар академисының академигі,Қазақстан
Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері,«Арыс қаласының құрметті
азаматы», Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры Салқынбек Досалы Исаханұлы
болды. Кездесу барысында ұлтжанды қазақ зиялыларының саяси өмірі мен
ұмытылмас еңбектерін туралы тарихи құнды
мұрағаттық деректер айтты. Қазақ халқының егемендігін аңсаған Алаш ардақтылары – Әлихан Бөкейхан, Халел
Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы және т.б
болды.
Алаш
арыстарының көздеген мақсаты бір еді ол – қазақты тәуелсіз ел ету, дамыған
елдердің қатарына қосу, халықты ілім-білімге қанықтырып, көзін ашу. Осы жолда
Алаш идеясын жүзеге асыруды көздеген қазақтың ардақты ұлдары өз өмірлері үшін
қорықпады, болашақ ұрпақтың ертеңі үшін қорықты. Студенттер профессорды қызыға тыңдап,
сұрақтар қойып, қызу пікір талас орнатты.