Бүгін Алматы қаласының Бостандық ауданының әкімі, Алин Санжар Меңдібайұлының қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға МИТУ университетінің студенттері белсенді түрде қатысып, қаланың тазалығын қамтамасыз ету үшін бірлесіп, жұмыс істеді.Сенбіліктің мақсаты — қала көшелері мен қоғамдық орындарын тазалау, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.Алин Санжар Меңдібайұлы сенбіліктің экологиялық маңызына тоқталып, студенттерді табиғатқа қамқорлықпен қарап, осындай шараларға жиі қатысуға шақырды. Ол сондай-ақ жастардың бұл іске белсенді қатысуының өте маңызды екенін атап өтті. Себебі, жастар – болашақтың жауапты азаматтары, олар осындай іс-шаралар арқылы қоғамдық ортаға деген жауапкершілігін арттырады.МИТУ университетінің студенттері бұл шараға үлкен жауапкершілікпен қатысып, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты.