Еліміздегі білім, ғылым және мәдениет мекемелерінің басты
міндеттерінің бірі – азаматтардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, кітап
оқу мәдениетін тәрбиелеу, оқу сауаттылығы мәселесін шешу. Ресей Федерациясының мұрағаттары мен ғылыми кітапханаларында жоспарлы
іздестіру жұмыстары кезінде Отанымыздың тарихи өткеніне қатысты ғылыми жоба
тақырыбы бойынша көптеген құжаттар мен материалдар анықталды. Ресей
қоғамдық тарихи кітапханасы (Мәскеу) MИTУ - ға 2023-2024 жылдары шығарған үш кітапты сыйға тартты. Ғалымдардың еңбектері тарихи білімді таратуға, еңбектерді тарихи ақпарат
көзі ретінде пайдалануға шақырады. Кітаптар MИTУ кітапханасының меңгерушісі Зағи Садуақасқызы Махамбетоваға табыс етілді. Авторы: «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының асс. проф. Ахметжанова А.Т.