2024
жылғы 5 желтоқсанда Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алин Санжар
Меңдібайұлы Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар
Әлібекқызы Сәрсенбекованың шақыруымен оқу орнына келді.
Кездесу
барысында аудан әкімі Санджар Меңдібайұлы оқу орнын абаттандыру барысымен,
сондай-ақ оның инфрақұрылымын одан әрі жақсарту жоспарларымен танысты.
Талқылаудың
маңызды аспектілерінің бірі еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағдарланған
жоғары білікті кадрларды даярлау, практикадан өту үшін базаны кеңейту және
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында ауданның бизнес-құрылымдарының
МИТУ-мен тығыз ынтымақтастығы болды.
Кездесу
қорытындысы білім беру сапасын арттыруға және студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер
жасауға бағытталған бірлескен бастамалар мен серіктестік жобаларды дамыту
туралы шешімге қол жеткізу болды.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университет Бостандық ауданының әкіміне жоғары білім беру мәселелеріне назар аударғанына және маңызды ғылыми-білім беру бағдарламаларын қолдағаны үшін алғыс білдіреді!