Главная Новости Тәжікстан Технологиялық университетінің бірінші проректорының МИТУ-ға сапары
06 Декабрь 2024                  6374
Тәжікстан Технологиялық университетінің бірінші проректорының МИТУ-ға сапары

2024 жылғы 7 желтоқсанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетке Тәжікстан технологиялық университетінің бірінші проректоры – оқу және білім сапасын басқару жөніндегі проректор Насридинов Мирзомудин Шамсудинович келді.

Сапар барысында университет басшылығымен кездесу өтті, онда екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Келіссөздердің нәтижесінде бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, студенттер мен оқытушылар алмасуды жүзеге асыруға, сондай-ақ ғылыми жобаларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

Келісімге қол қою серіктестік қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болды және білім мен ғылым саласындағы бірлескен жұмыс үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.