2024 жылдың 11
желтоқсанында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (әрі қарай –
МИТУ) «Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау және іске
асыру сапасының көрсеткіші ретінде жұмыс берушінің кәсіби даярлықтағы рөлін
арттыру» тақырыбында халықаралық форум өтеді.
Форум білім беру
мекемелерінің, жұмыс берушілердің, сарапшылардың және мүдделі тараптардың
өкілдерін кәсіби мамандар даярлау саласындағы университет пен индустрияның
өзара әрекеттесуінің өзекті мәселелерін талқылау үшін жинайды.
Форумға 50 қатысушы
қатысады, оның ішінде
шетелдік жоғары оқу орындары мен компаниялардың өкілдері, сондай-ақ
Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері болады. Олар студенттердің
кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын
және тағылымдамаларды жүзеге асыру бойынша өз тәжірибелері мен ұсыныстарымен
бөліседі.
Форумның тақырыптары:
1.
Жаһандану
жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау және іске асыру сапасын арттыру.
2.
Микроквалификация
кәсіби даярлықтың құрамдас бөлігі ретінде.
3.
Жұмыс
берушілердің студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға қатысуы,
тәжірибелер мен тағылымдамалар арқылы.
Форум гибридті форматта өтеді: офлайн және онлайн.
Іс-шараның бағдарламасы:
Өтетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 89/21,
Оқу ғимараты №1, акт залы.
Күні: 2024 жылдың 11
желтоқсаны.
Уақыты: 10:00 – 14:20
(Астана уақыты бойынша).
1.
Қатысушыларды
тіркеу: 9:00 – 10:00
2.
Пленарлық
отырыс: 10:00 – 11:30
3.
Түскі
үзіліс, кофе-брейк: 11:30 – 12:00
4.
Лабораториялардың
салтанатты ашылуы: 12:00 – 13:00
5.
Сарапшылардың
жұмыс істеуі: 13:00 – 14:00
6.
Форумның
қорытындысы: 14:00 – 14:20
Форумға қатысу үшін 2024 жылдың 10 желтоқсанына дейін электронды пошта
арқылы тіркелу қажет.
Анықтама үшін байланыс тұлғасы:
Жанылханова Шолпан Жабайқызы,
Кәсіби даму орталығының басшысы,
тел.: +7 707 473 0170,
e-mail: career@metu.kz