2024 жылдың 9 желтоқсанында
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (МИТУ) Хуанхэ өзенінің
табиғатты қорғау техникалық институтының (Yellow River Conservancy Technical
Institute) делегациясының визиті өтті. Визит аясында білім беру және ғылым
саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Делегация құрамында:
Хуанхэ өзенінің табиғатты
қорғау техникалық институты, Қытайдағы экология және табиғатты қорғау
саласындағы жетекші оқу орындарының бірі, МИТУ-дің білім беру бағдарламаларымен
танысты және оқытушылардың біліктілігін арттыру, студенттерге арналған қысқа
мерзімді танысу сапарларын ұйымдастыру және оқыту мен ғылыми зерттеулер
саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықтың келешегін
талқылады.
Визит барысында екі
университеттің студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын өзара
тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.
МИТУ делегацияға визит үшін алғысын білдіреді және жемісті серіктестіктің жалғасуына үміттенеді.