Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «3D-модельдеу және кеңістіктік деректерді талдау технологиялары» атты ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы
11 Желтоқсан 2024                  6549
«3D-модельдеу және кеңістіктік деректерді талдау технологиялары» атты ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы

«Бағдарламалық инженерия» кафедрасында «3D-модельдеу және кеңістіктік деректерді талдау технологиялары» атты Ғылыми-зерттеу орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Орталық шынайы 3D-модельдер, анимация және виртуалды шындық технологияларын әзірлеуге маманданған, бұл кеңістіктік ақпаратпен жұмыс істеудегі дәлдік, жылдамдық пен ыңғайлылықты арттыруға бағытталған. Ресми лентаны «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі М.С. Сәрсембаев пен «MaxImagine» компаниясының басшысы М. Күзембаев қиып, университет пен бизнес арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Ашылу рәсімінде М. Күзембаев кафедраның екі студентіне оқуын аяқтаған соң жұмысқа орналасуға кепілдік беретін сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Кафедра оқытушылары Орталықтың ашылуы нәтижесінде студенттердің заманауи есептеу ресурстарына, мамандандырылған бағдарламалық шешімдер мен жоғары сапалы жабдықтарға қол жеткізетінін атап өтті. Бұл қадам университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтып қана қоймай, сондай-ақ студенттерге 3D-графика, виртуалды шындық, компьютерлік көру және үлкен деректерді талдау сияқты қарқынды дамып келе жатқан салаларда жұмыс істеу үшін қажетті құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.