2024
жылдың 11 желтоқсанында университет ректоры – Сарсенбекова Гүлнар Әлібекқызы сессия
алдында студенттік декандармен кездесу өткізіп, оқу жылындағы маңызды мәселелер
мен студенттердің алдағы сессияға дайындықтарын тыңдады. Ректор әрбір студенттің
университет өміріне белсенді қатысуы мен оқу үдерісіндегі жетістіктерімен
мақтанатындығын айтып, оқу орнының сапалы білім беру бағытында алдағы уақытта
да студенттерді қолдауға бағытталған жаңа бастамалар жүзеге асырылатынын
жеткізді. Сонымен қатар, ректор студенттерге оқу мен жеке дамуға қатысты
ұсыныстар мен кеңестер беріп, елінің ардақты азаматы болатындарына сенім
білдірді.
Студенттер
бұл кездесуде сұрақтар қойып, оқу үдерісін жақсарту, университеттегі студенттік
өмірдің сапасын арттыру, т.б. мәселелері
бойынша өз ойларын білдіріп, оқыған қызықты кітаптарымен бөлісті. Ректор
студенттермен ашық әрі жемісті диалог жүргізу арқылы университеттің дамуына
қосылатын үлес пен олардың пікірлерін ескеруге қашанда дайын екенін атап өтті.
Кездесу
соңында ректор барлық студенттерге сессияға дайындықты жауапкершілікпен
атқаруға және оқу үдерісінде үздік нәтижелерге қол жеткізуге шақырды.
2025 жаңа жылдың бастауымен құттықтап, отбасыларына, ата-аналарына бақ-береке, еңбектеріне табыс тіледі.