Главная Новости III Халықаралық форум: МИТУ жұмыс берушілермен байланысты нығайтуда
12 Декабрь 2024                  282
III Халықаралық форум: МИТУ жұмыс берушілермен байланысты нығайтуда

Халықаралық форум аясында келісім-шарттарға қол қойылды.

11 желтоқсан 2024 жылы «Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларының сапасының индикаторы ретінде жұмыс берушінің кәсіби дайындықтағы рөлін арттыру» атты форум аясында Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (МИТУ) мен бірқатар жетекші компаниялар арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Серіктес компаниялардың арасында:

  • ЖШС «Аксай» Нан зауыты»;
  • ЖШС «Goji»;
  • ЖШС «IFC COLOC»;
  • ЖШС «Алматыэнергосбыт;,
  • ЖШС «Byte Machine» және басқалар.



  Қол қойылған келісімдер мыналарды көздейді:

  • бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
  • дуалды оқыту жүйесін енгізу;
  • ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру;
  • студенттердің кәсіпорындардағы тәжірибелік қызметке қатысуы.

Бұл бастама білім мен бизнестің интеграциясының маңыздылығын көрсетіп, жаһандық нарықтың талаптарына сай білікті мамандарды даярлауға маңызды қадам болады.