Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде "Smart
технологиялар инженериясы" кафедрасында заманауи электрондық құрылғыларды
схемотехникалық жобалау, монтаждау және баптау зертханасының салтанатты ашылуы
өтті.Зертхана заманауи жабдықтармен: жоғары дәлдіктегі өлшеу құралдарымен,
осциллографтармен, дәнекерлеу станцияларымен, 3D-принтерлермен және электрондық
схемаларды әзірлеуге және модельдеуге арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз
етумен жабдықталған.
Салтанатты ашылу рәсімін кафедра меңгерушісі Н.Т.Исимов пен
"КомИнжиниринг" ЖШС директоры Е.С.Смаханович лентаны салтанатты түрде
қиып, ресми түрде бастады. Олар зертхананың ашылуы университет пен бизнес
арасындағы ғылымды, технологиялар мен инновацияларды дамытуға бағытталған
ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастамасы екенін атап өтті.
Зертхана университеттің және өнеркәсіптік серіктестердің қолдауының арқасында
құрылды. Жаңа орталық білім беру, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды
әзірлеу үшін негізгі алаңға айналады.Ол болашақта жоғары технологиялық салаларда сұранысқа ие болатын
мамандарды дайындауда маңызды буын болмақ.