Главная Студентам Студенческие новости METU мақтанышы: 18 жасар жас жаттықтырушы
18 Желтоқсан 2024                  6433
METU мақтанышы: 18 жасар жас жаттықтырушы

Хамит Батырхан Болатханұлы – Тамақ өндірісінің технологиясы және инжинирингі мамандығының 2-курс студенті. Батырханның айтуынша: «Мектепте оқып жүргенде, мінезім тұйық болған, бірақ METU-ға келгеннен кейін көп өзгердім» – дейді.

Оның ашылуына эдвайзері Арайлым Даулетханқызының эдвайзерлік сабақтарда айтқан сөздері үлкен мотивация берген екен. Бүгін де ол өзінің еңбегінің арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Турнир Қостанай қаласындағы Progres залында өтті. Батырхан 67,5 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Батырхан үш түрлі жарыс бойынша қатысып, үш алтын медаль жеңіп алды:

Жатып сығымдау;

Турникке қосымша салмақпен тартылу;

Брусьяға қосымша салмақпен көтерілу.

«Мұзды ұстау 2024» чемпионатының ұйымдастырушылары - IPAF Халықаралық Стритлифтинг және Пауэрлифтинг компаниясы (Қазақстан). Жарыстың осы үш түрі бойынша жасөспірімдер арасында спорт шеберлігіне үміткер дәрежесін иеленді. Бұл турнирде үш алтын медаль мен үш спорт шеберлігіне үміткер дәрежесін жеңіп алған жалғыз спортшы атанды.

Университет ректоры Гүлнәр Әлібекқызы Батырханды жеңісімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Алар асуың биік болсын, Батырхан!