Қазақстанның
тәуелсіздігіне биыл 33 жыл толып отыр. Осы күні еліміз тәуелсіздігін жариялап,
жаңа дәуірдің табалдырығын аттады, дербес мемлекет ретінде халықаралық
қауымдастықтың бір бөлігіне айналды. Тәуелсіздік жолында Қазақстан ірі
өзгерістерді бастан кешіп, әлем картасында өзіндік орнын анықтаған егемен елге
айналды. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері – ұлт рухының,
ел бірлігінің және саяси ерік-жігердің жемісі. Бұл мерейлі күн – әрбір
қазақстандықтың жүрегіндегі мақтаныш пен жауапкершілік сезімін күшейтетін
ерекше күн. Бұл жылдар елдің бірлігі мен табандылығының, болашаққа деген
сенімінің көрінісі болды. Алдағы уақытта Қазақстан осы бағыттағы табыстарын
еселей түседі деген сенімдеміз.
13-желтоқсан
күні «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының оқытушысы
Д.Г.Ахметжановтың ұйымдастыруымен Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихи
оқиғалары туралы білімді тереңдету, студенттердің танымдық қабілеттерін арттыру
және ұлттық сана-сезім мен патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында студенттердің
арасында «Қазақстанның Тәуелсіздік жолы» тақырыбындағы тарихи-зияткерлік ойыны
өткізілді. Ойын командалық жарыс түрінде өткізіліп, студенттер жоғары
белсенділік танытып, тарихқа деген қызығушылықтары артты. Тарихи білімдерін
толықтырумен қатар, командалық жұмыс пен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға
мүмкіндік берді. Сонымен
қатар, патриоттық рухты нығайтуға зор ықпал етті.