Главная Новости 2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан сессиясына дайындық
06 Желтоқсан 2024                  6485
2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан сессиясына дайындық

2024 жылдың 5 желтоқсанында МИТУ-да университет оқытушылары мен студенттерімен 2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан сессиясына дайындық бойынша оқыту семинары өтті.

Жиын барысында қысқы емтихан сессиясына дайындық барысы талқыланды. Түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп, емтихан түрлеріне ерекше көңіл бөлінді. Кездесудің спикерлері – Алдияр Ақсұлу (Тіркеу бөлімінің директоры), Шындалы Саламат (АТД директоры) және Дурумбетова Асем (Тіркеу бөлімінің бас маманы)студенттерді қысқы емтихан сессиясының өту барысымен таныстырды.

Кездесуде студенттер мен оқытушылар емтихан сессиясының өту барысы туралы өзінің сұрақтарын қойды.