Бүгін МИТУ- да ректор Г.А.Сәрсенбекованың төрағалығымен қорытынды Ғылыми кеңес өтті. Дәстүр бойынша, ол бір жыл ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арнады.
Биыл университетте көптеген бағдарламалар мен жобалар іске асырылды: заманауи электрондық құрылғыларды схемотехникалық жобалау, монтаждау және баптау зертханасы мен жаңа материалдар және перспективалы технологиялар ғылыми-оқу зертханасы ашылды, оқу процесіне Coursera халықаралық платформасының курстары енгізілді, IAAR халықаралық агенттігінде білім беру бағдарламалары және т.б. аккредиттеуден сәтті өтті.
Ғылым, инновациялық саясат және маркетинг жөніндегі проректор О. Л. Каруна 2024 жылы МИТУ-дың 2024 жылғы ғылыми қызметі туралы ақпаратты және 2025 жылға арналған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын ұсынды.
Бас бухгалтер Р.Т.Келдібаева және әкімшілік-шаруашылық жұмыс департаментінің директоры Х.С.Кузанов 2024 жылы университеттің қаржы-шаруашылық қызметін қорытындылады.
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі Ж.Е. Жаппасов «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» орталығының жұмыс барысы туралы айтып өтті.
Ғылыми кеңес отырысының соңында МИТУ ректоры Г.А.Сәрсенбекова ғылыми кеңес мүшелеріне атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады!