Главная Новости Халықаралық инженерлік-технологиялық университет ұжымы мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2025 жылғы 3 қаңтар «Ана тілі» газетіне берген сұхбатын талқылады
05 Январь 2025                  426
Халықаралық инженерлік-технологиялық университет ұжымы мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2025 жылғы 3 қаңтар «Ана тілі» газетіне берген сұхбатын талқылады

2025 жылдың 5 қаңтарында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің профессор-оқытушылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген  «Мақсат-экономика мен егемендікті нығайту» атты сұхбатын талқылады. Жиынға университеттің қызметкерлері мен оқытушы-профессорлық құрамы және білім алушылар  қатысты.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің ректоры Г.Сарсенбекова «Қазақстан Республикасының Президентінің 2025 жылға тың серпін беретін Үндеу» атты баяндама жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық сұхбаты жақсы дәстүрге айналды. Президент жыл қорытындысын шығара отырып және алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын белгілейді. Бұл азаматтарға ел дамуының мәнін жақсы түсінуге көмектесіп, болашаққа деген сенімділігін арттырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылды еліміздің дамуындағы «анықтаушы кезең» ретінде бағалады. Бұл жылы Қазақстан алдағы бес жылдықтың іргетасын қалап, елдің ішкі және сыртқы саясатындағы маңызды жетістіктерге қол жеткізді. 

Елдің халықаралық аренадағы ұстанымын айқындап, Президент Қазақстанның орта держава ретіндегі рөліне ерекше мән берді. Ол БҰҰ-ның жаһандық мәселелерді шешудегі маңыздылығын атап, бұл ұйымды «бүкіл адамзаттың ортақ үйі» деп атады.

Тіл саясаты туралы айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін арттырудың маңыздылығына тоқталып, бұл үшін цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, шығармашыл жастардың әлеуетін іске қосу және коммерциялық тартымды контент жасауды ұсынды.

Президенттің 2024 жылдың қорытындыларына және алдағы 2025 жылға арналған міндеттерге арналған пікірі ел дамуының басым бағыттарын көрсетіп, барлық салалардағы жүйелі өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін айқындайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатындағы «Қазақстанда талантты, мақсатты, білімді жігіттер мен қыздар көп. Сондықтан Мен жастарға сенетінімді қайталаудан шаршамаймын» деген сөзі арқылы МИТУ ректоры Г.Сарсенбекова  ұжымды  студенттерді ынталандырып жұмыс жасауға шақырды.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университет ұжымы үндеуде айтылған  басым бағыттар бойынша жүзеге  асырылатын іс-шараларды бірге атқаратынын мәлімдеп,  Президенттің Қазақстан атынан азаматтық қоғам құру бағытын қолдайтынын жеткізіп, жиынды қортындылады.