Главная Новости Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде кеңейтілген эдвайзерлік кеңес өтті
06 Январь 2025                  461
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде кеңейтілген эдвайзерлік кеңес өтті

2025 жылдың 5 қаңтарында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде эдвайзерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға университет ректоры Г.Сәрсенбекова, ғылыми кеңес мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, профессорлық-оқытушылық құрам және білім алушылар қатысты.

МИТУ ректоры Г.Сәрсенбекова эдвайзерлер кеңесінің отырысын алғы сөзбен ашып, эдвайзер бұл - білім алушыларға оқу процесімен қатар тәрбие мәселелерінде көмек көрсетуге, студенттердің өз тобында рухани дамуына ықпал ететін ортаны қалыптастыруға тиіс педагог екенін атап өтіп, алдағы 2025 жылдағы эдвайзерлерлік жұмыстың сәтті өтуіне табыс тіледі.

2025 жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатындағы «Қазақстанда талантты, мақсатты, білімді жігіттер мен қыздар көп. Сондықтан Мен жастарға сенетінімді қайталаудан шаршамаймын» деген сөзі арқылы МИТУ ректоры Г.Сарсенбекова  эдвайзерлерді студенттерді ынталандырып жұмыс жасауға шақырды.

Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланса, МИТУ-да  «Студенттердің өзін-өзі басқару жылы» деп аталды. Бұл бастама білім алушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсына отырып, олардың білім алу, инновациялық жобаларды жүзеге асыру және көшбасшылық дағдыларын дамытуына ықпал етуді көздейді. 

Осындай ізгі шаралар студенттердің оқу орнының ішкі өміріне белсенді қатысуына, шешім қабылдау үдерістеріне араласа отырып, жұмсақ және қатты  дағдыларын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.