Құрметті студенттер!
2025 жылғы 20 қаңтардан бастап «Радиотехника, электроника
және телекоммуникациялар», «Автоматтандыру және басқару», сондай-ақ «Электр
энергетикасындағы ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша
екінші семестр сабақтары басталады.
Бұл жаңа семестр – жаңа білімді меңгеріп, дағдыларыңызды
жетілдіруге және кәсіби жетістіктерге қол жеткізуге тамаша мүмкіндік.
Жаңа семестр – өзіңізді жаңа қырынан танытып, болашағыңызға
сенімді қадам жасауға, шығармашылық қабілеттеріңізді шыңдауға арналған кезең.
Әр сабақ пен әр күн сіздердің болашақтарыңыздың мықты іргетасын қалыптастыруға
бағытталуы тиіс.
Сіздерге жемісті оқу, тың идеялар, жаңа мүмкіндіктер мен шабыт тілейміз! Баршаңызға студенттік өмірдің қызықты сәттерін, табысты оқу жылын және үлкен жетістіктерге жетуді тілейміз.Алдағы семестр білімге, дамуға және жетістікке толы болсын!
Сәттілік!