Барлығыңызға сәлем! Мен, Тореханова Арайлым, ТиПП-23-1.3к тобының 2-курс студентімін. METU университетінің белсенді студенті әрі АРТ-орталығы ұйымының төрайымымын. Өз ұйымым туралы айтар болсам, мен 30-дан астам білімді, жауапкершілігі мол, ақылды және шығармашыл студенттерді басқарып отырмын. Біз тек біліммен шыңдалып ғана қоймай, сонымен қатар студенттік өмірімізді қызықты әрі ұмытылмас ету үшін әртүрлі іс-шараларға қатысып, көзге түсуіміз керек. Арт-орталығы шығармашылық жастардың әлеуетін арттырып, қоғамға мәдени құндылықтар мен өнер арқылы маңызды ықпал жасайды. Бұл ұйым жастарға өздерін шығармашылық тұрғыдан көрсетуге, жаңашыл идеяларды жүзеге асыруға, жауапкершілік пен ұжымдық жұмыстың маңыздылығын түсінуге мол мүмкіндік береді. Арт орталығының жұмысы жастардың тұлғалық және кәсіби дамуына бағытталған, әрі болашақта өз әлеуетін толық ашуға жол ашады. Қазіргі уақытта жарты жылдық оқу жылын жақсы аяқтап, қысқы демалысты ойдағыдай өткізіп жатырмын. Бұл жыл мен үшін өзін-өзі дамыту мен жауапкершілікті арттырудың маңызды кезеңі болды. Мен уақытты тиімді басқаруды, мақсат қою мен оған жету жолдарын анықтауды үйрендім. Әрбір шешім мен іс-әрекетімнің нәтижесін сезіну, өз міндеттерімді орындауда жүйелі болу мені болашақта жоғары жетістіктерге жетуге дайындады. Сондай-ақ, өзіме деген сенімділігім артып, кез келген қиындықтарды жеңуге деген ықыласым күшейді. METU 2025 жылды «Студенттің өзін-өзі басқару» жылы деп жариялағанын естігенде қатты қуандым. Басқа студенттердің де өз үлестерін қосып, университетіміздің дамуына атсалысқандарыңызды қалаймын. Бірлестік бар жерде мақсаттарға жету жеңіл әрі нәтижелі болады.