2025 жылдың 9-10 қаңтарында Халықаралық Инженерлік-Технологиялық Университетінде қысқы мектеп-2025 аясында «Инженерлік білім сапасын арттыру контексінде оқыту модельдері мен әдістері» тақырыбында оқу-әдістемелік конференция өтті. Іс-шара аясында білім беру процесін жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу және инженерлік құзыреттіліктерді дамытуға байланысты өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды.
Конференцияда «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі Сарсембаев М.С. «Cisco технологияларын университеттің оқу процесіне интеграциялау, цифрлық трансформация және ИТ-құзыреттіліктерді дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Ол Cisco шешімдерін оқу процесіне енгізу тәжірибесі туралы айтып, студенттерді сертификаттауға дайындауға және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Қатысушылар Cisco Networking Academy платформасын пайдалану мүмкіндіктерін қызу талқылап, мұндай бастамалардың жаңа буын мамандарын даярлау үшін маңыздылығын атап өтті.