Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті 2025 жылды ресми түрде «СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖЫЛЫ» деп жариялайды.
Алдағы 2025 жыл студенттердің шығармашылық
қабілеттерін жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.
Студенттік өзін-өзі басқару – бұл студенттер шешім қабылдауға белсенді қатысатын басқару түрі. Студенттерге университеттің қоғамдық өмірінің құрылымына, конкурстардың, жиналыстардың, фестивальдердің және басқа да студенттік іс-шаралардың тақырыбын өздері таңдауға жауапты болу құқығы беріледі.
Сондай-ақ, бұл бірегей бағдарлама білім беру процестерінің сапасын бағалауға және студенттік көшбасшыларды сайлауға қатысуға мүмкіндік береді.
Әрбір студенттің студенттер комитетіне сайлану мүмкіндігі бар. Ұйымдастыру және ұжымда жұмыс істеу сияқты барлық дағдылар мен білім болашақта METU түлектеріне көмектеседі.