Главная Новости МИТУ-да қысқы мектеп-2025 аясындағы «Инженерлік білім беру сапасын арттыру контекстіндегі оқыту модельдері мен әдістері» оқу-әдістемелік конференция басталды
09 Қаңтар 2025                  676
МИТУ-да қысқы мектеп-2025 аясындағы «Инженерлік білім беру сапасын арттыру контекстіндегі оқыту модельдері мен әдістері» оқу-әдістемелік конференция басталды

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Инженерлік білім беру сапасын арттыру контекстіндегі оқыту модельдері мен әдістері» қысқы мектеп-2025 аясындағы оқу-әдістемелік конференция басталды.


Қаңтар айынның 09-17 аралығын қамтитын дәстүрлі іс-шарада әкімшілік басқару қызметкерлері, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы өздерінің кәсіби шеберліктерін дамытып, білімдерін жетілдіре отырып, тәжірибе алмасатын болады.


Конференция барысында оқытуда жасанды интеллектті пайдалану, оқу-өндірістік және ғылыми зертханалар жағдайында пәнаралық курстар бойынша зертханалық-практикалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі, университеттің тұрақты даму аспектісі ретінде білім беру бағдарламаларына ESG-қағидаттарын енгізу, білім беру процесі мен басқаруды цифрлық трансформациялау, студенттермен кері байланысты тиімді ұйымдастыру үшін виртуалды чат-боттарды құру және т.б. тақырыптар қарастырылады.


Оқу-әдістемелік конференция «Білім беру процесін жетілдіру әдістері мен технологиялары» және «METU UNIVERSITY кафедралары – кадрларды сапалы кәсіби даярлаудың негізгі факторы және білім беру үдерісіндегі инновацияларды басқарудағы рөлі» атты екі бөлімді қамтиды.