Жақында МИТУ ректоры мен
кафедра эдвайзерлері арасында кездесуде студенттердің оқу процесі мен қысқы
демалыстардағы уақытын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Эдвайзерлер өз
студенттерінің кәсіби бағдар беру жолында мектептерде жүргізіліп жатқан жұмыстарын
айтып, директорлардың алғысына ие болғанын қуана жеткізді.
Әр кафедра өз
ерекшеліктерімен бөлісіп, студенттер үшін теориялық біліммен қатар,
мамандықтарына сай үйірмелер ұйымдастыру ұсыныстары айтылды. Бұл болашақ
мамандар үшін бағалы тәжірибе болар еді.
Сонымен қатар,
студенттердің университет қабырғасында және жеке жетістіктері ескерілуі
қажеттігі айтылды. Оларды қолдау көрсету арқылы ынталандыру қажет. Эдвайзерлік
сағаттардың маңызы да атап өтілді, себебі олар студенттердің жеке сұрақтарын
шешуге мүмкіндік беріп, сенімді қарым-қатынас орнатуға жол ашады.
Қорытындысында,
эдвайзерлердің кәсіби бағыт беруі мен студенттердің дамуына ықпалы
университеттің білім беру жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.