«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасы
Алматы қаласының 35 мектебін қамтитын кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Бұл шаралар аясында кафедра оқытушылары мен студенттері жоғары сынып
оқушыларымен кездесіп, оларды азық-түлік технологиясы саласындағы білім мен
карьера мүмкіндіктерімен таныстырды. Сонымен қатар, студенттер мен мектеп
оқушыларына осы саладағы жұмыс практикалары, еңбек нарығындағы перспективалар
мен жұмысқа орналастыру мәселелері түсіндірілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауына көмек
көрсету, еңбек нарығындағы заманауи талаптар мен үрдістер туралы ақпарат беру,
сондай-ақ азық-түлік технологияларының еліміздің экономикасындағы маңыздылығын
көрсету.
Бұл кәсіби бағдар беру жұмыстары білім беру процесін нақты өндіріс
қажеттіліктерімен байланыстыруға, азық-түлік өндірісі саласына қызығушылықты
арттыруға және осы саладағы мамандықтарға деген сұранысты арттыруға
бағытталған.